Алматыдағы Италия мәдениеті Институты, беделді Ка Фоскари Университетімен бірге Алматы қаласында шетелдіктер үшін итальян тілін оқыту бойынша біліктілікті арттырудың алғашқы курсын ұйымдастырды. Бұл курс Еуропада және Италияда жарамды болып саналатын CEDILS сертификатын алуға арналған. Біз Ка Фоскари профессоры Джузеппе мырзаға және біздің Институттың координаторы Лючия Бельтрамиге өз ісіне адалдығы үшін алғыс айтамыз. Курсқа итальяндықтар, сонымен қатар келесі талаптарға сәйкес келетін: жоғарғы білім, итальян тілін C1 деңгейінде меңгерген, оқытуда немесе аударма ісінде тәжірибесі бар мүдделі Қазақстан азаматтары да қабылданды. Емтихан 24-мамыр күні өткізілді. Біз Италия Мәдениеті Институтының Қазақстанның білім саласындағы көмекші рөлін айқындау үшін курсты тегін ұсынғымыз келетінін айтқымыз келеді.
Алматыда итальян тілін оқыту бойынша бірінші тегін курс бітті: CEDILS сертификатын алу
