Алматы қаласындағы Италия мәдениеті Институында, Италияның Астанадағы елшілігінің бастамасымен «Made in Italy” алғашқы күні болып өтті. 15- сәуір атаулы күн: бұл ұлы итальян данышпаны Леонардо да Винчидің туған күні. Үш спикер “Made in Italy” жобасының неге ерекше әрі қайталанбас және қызықты екендігі жайлы ойларымен бөлісті. Сәулетші Марко Полетти Мәдениет институтында жақын айларда өтетін “Итальяндық ДНҚ және дизайн бұрышы” жобасын ұсынды. ҚазБСҚА профессоры Джангабриеле Фини “Made in Italy” жобасының өзіндік ерекшеліктерін және оның әлемдік мәдениеттегі маңыздылығын атап өтті. Іс-шараны Iris Ceramica тобы Fiandre брендінің өкілі дизайн мен экологиялық тұрақтылықты шығармашылық уникумда үйлестірген итальяндық керамиканың ерекшелігі туралы сөзімен аяқтады. Осындай маңызды күнде бізбен болғандарыңыз үшін алғыс айтамыз!
“Италияда жасалған”күні
