19 — cәуір күні әлемге әйгілі тышқан Джеронимо Стилтон Астана қаласына ұшып келіп, кітап жәрмеңкесіне тап болып, қазақша сөйлеуді үйреніп алды! «Мың ғажайып. Италияға саяхат» кітабы- Италияның көркем жерлеріне қызықты сапарға арналған нұсқаулық тәрізді. Бұл Сыртқы Істер Министрлігі мен Халықаралық ынтымақтастық ұсынған жоба Италияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауы және алматылық «Steppe&World» баспасының энтузиазмының арқасында жүзеге асты. Басты кейіпкері Джеронимо болып табылатын бұл кітаптың қазақша нұсқасы оқырмандарға қызықты оқиғалар мен қиял-ғажайып әлеміне жол ашады. Әртүрлі тілдерге аударылған кітапта Италияның ең керемет жерлері туралы ғана емес, оқырманды еліктіріп әкететін шытырман оқиғалар да баяндалады. Біз бұл көркем шығарманы әрбір ана мен әке, ата мен әже балалары мен немерелерімен бірге отырып оқып шығатынан сенімдіміз!
“Мың ғажайып. Италияға саяхат ” қазақ тіліне аударылған.
