Алматыда жаңа Қазіргі заманғы өнер музейінің ашылуына орай сіздерді кездесуге шақырамыз:
«Қазіргі заманғы өнер музейі – тірі ағза. Италия тәжірибесі»
9 қыркүйек, 14:30
Алматыдағы Италия мәдениет институты, Абылай хан көшесі, 53
MAMbo — Болоньядағы Қазіргі заманғы өнер музейінің директоры және AMACI — Италиядағы қазіргі заманғы өнер музейлерінің қауымдастығының президенті Лоренцо Бальби, архитектураны, ландшафтты, экология мен саясатты тоғыстыратын ең жарқын италиялық суретшілердің бірі Маргарита Москардинимен сұхбаттасады.