Buon Compleanno, Marcello!
Италия мәдениет институтында атақты итальян актері Марчелло Мастрояннидің 100 жылдығына арналған эксклюзивті көрме ашылды.
Көрмені жұртшылыққа куратор – журналист, режиссер және Маэстро Федерико Феллинидің жиені Франческа Феллини таныстырды.
Көрме Италия мәдениет институтының аумағында өтіп, күн сайын таңғы 10:00-ден кешкі 20:00-ге дейін ашық.
Мекен-жайы: Абылай хан көшесі, 53, 3-қабат. Кіру тегін.