Италиялық Compagnia Artemis Danza ұжымы Моника Казадеи жетекшілігімен Қарағанды қаласына шығармашылық сапармен келді. Ынтымақтастық аясында шеберлік сабағы өтті. Оған «Би ансамблінің әртісі» бөлімінің студенттері мен Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры балетінің әртістері қатысты. Сабақ соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. Compagnia Artemis Danza ұжымына шабыт сыйлаған жұмысы және өз шеберлігін жомарттықпен бөліскені үшін алғыс сөздер айтылды.
11 қарашада біздің әртістеріміз бен студенттеріміз итальяндық труппаның «Пуччини операсы. Әйелдер дауысы» атты би спектакліне қатысатынын қуана атап өтеміз. Олар үшін бұл — жаңа кәсіби тәжірибе, өзге сахналық мәдениетпен танысуға және халықаралық деңгейдегі шеберлермен жұмыс істеуге мүмкіндік.
Моника Казадеи ұжымның Қазақстанға алғаш рет келгенін айтып, мұндағы жылы қабылдау мен шығармашылық атмосфера оларға жағымды әсер қалдырғанын жеткізді. Жетекшінің айтуынша, Қарағанды көрерменімен кездесер алдында труппа аздап толқып, сахнамен ерекше байланыс орнатуды күтуде.