«Fare Cinema» Алматыға келеді!
27 қараша күні сағат 19:00-де сіздерді жаңа итальян киносының ең үздік туындыларына арналған кешке шақырамыз: David di Donatello 2025 премиясының финалистері болған қысқаметражды фильмдердің көрсетілімі. Шараны Алматыдағы Итальян мәдениеті институты артиШОК театрымен бірлесе ұйымдастырады.
Үлкен экранда біз үш тың, батыл және жарқын хикаяны ұсынамыз:
La ragazza di Praga — Andree Lucini
Domenica Sera — Matteo Tortone
The Eggregores Theory — Andrea Gatopoulos
Көрсетілімнен кейін асықпай шығыңыздар: сіздерді ерекше Public Talk күтеді.
Итальян режиссері Andree Lucini және қазақстандық режиссер Катя Суворова кино жасаудың құпияларына — идеялар, шығармашылық процестер мен заманауи режиссураның болашағына жетелейтін әңгіме өрбітеді.