Достар, сіздерді табиғат пен жаратылыс үйлесімділігіне арналған ерекше күнге шақырамыз! 🌿
Сенбі, 14 ақпан күні «Il Cantico delle Creature sulla Via della Seta» көрмесі аясында фотокөрме, тау мәдениеті туралы дәріс және «Жер тұзы» фильмінің көрсетілімі өтеді.
Бағдарламада:
• Фотокөрме: Жоба аясында Ассизилік әулие Францисктің Италия мәдениет институтының (@iicalmaty) қолдауымен алғаш рет қазақ тіліне аударылған «Жаратылысқа мадақ» поэмасы таныстырылады. Шығыстың рухани құндылықтары мен Ұлы Дала даналығы фотограф Сарра Есенбайдың (@sarra_yessenbay) еңбектерінде көрініс тапқан. Автор өз туындыларының шығу тарихымен бөліседі.
• Дәріс: «Таудағы өзін-өзі ұстау мәдениеті: жорыққа қалай дұрыс дайындалу керек?». Тау гиді, @shymbulakoutdoor резиденті әрі туризм зерттеушісі Темірлан Беркімбаев (@temirlan_berkimbayev) @wild.naturevolunteers бірлестігінің қолдауымен табиғатқа шығуды қалай қауіпсіз әрі экологиялық тұрғыдан жауапты етуге болатынын айтады. (Ұзақтығы — 60 мин.)
• Кино көрсетілімі: Аңызға айналған фотограф, табиғат жанашыры Себастьяо Сальгадоның өмір жолы туралы «Жер тұзы» (2014) деректі фильмі. Шебердің туғанына 82 жыл толуына орай Вим Вендерстің бұл туындысын бірге тамашалап, талқылауға шақырамыз. (Ұзақтығы — 110 мин, түпнұсқа тілде, орысша субтитрмен).
☕️ Қонақтар үшін кофе-брейк ұйымдастырылады.
📍 Мекенжай: Абылай хан, 53. Итальяндық Мәдениет Институты. Бизнес орталықтың кіреберісі.
🕑 Жиналу уақыты: 14:00 🎟 Қатысу тегін, алдын ала тіркелу қажет (орын саны шектеулі).
📲 WhatsApp арқылы тіркелу: +77471441907
Сіздерді күтеміз!
Il Cantico delle Creature sulla Via della Seta»: табиғат, тау мәдениеті және кино күні.